РЕСЕЙ ҮКІМЕТІ «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫН ПАЙДАЛАНУДАН БАС ТАРТПАЙДЫ
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин ресей үкіметінің «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудан жақын уақытта бас тартпайтындығын мәлімдеді. Бұл туралы Aif.ru хабарлайды.
«Әзірге мұндай жоспарларымыз жоқ, өйткені, Қазақстан тарапымен арада «Бәйтерек» ғарыш айлағын құру идеясы бар», - дейді Рогозин.
Ол жоба аясында Байқоңыр базасында үшінші елдердің мүддесі үшін коммерциялық ұшыруларды жүзеге асыратындықтарын айтқан.
«Коммерциялық халықаралық ұшырулар, сондай-ақ «Байқоңырдан» пилоттық ұшырулар 2023 жылға дейін, ал тек коммерциялық ұшырулардың өзі 2030 жылға дейін қамтамасыз етіледі», - деп нақтылады вице-премьер.
Бұған дейін Ресей өзінің айға ұшу бағдарламасы бойынша «Федерация» ғарыштық аппараттарын ұшыруда «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалануды көздеп отырған жоқ деген болатын. Бұл туралы «Энергия» ҒЗК бас конструкторы Евгений Микрин мәлімдеген еді.
Оның айтуынша, «Федерацияны» 2021 жылы ұшыру жоспарланған. Ал Халықаралық ғарыш стансасына пилоттық сапары 2023 жылы орындалады.