ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ҚЫЗ БАЛАЛАР ӘСКЕРИ МАМАНДЫҚ АЛЫП ШЫҒАДЫ
Осы жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша барлық азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда студент қыздарға арналған мамандықтар ашылды, - деп хабарлайды BNews.kz ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери кафедраға оқуға түсу үшін қыз балаларға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтер мен психологиялық тестілеу тапсыру қажет. Барлық осы көрсеткіштер комиссия отырысында қаралады.
«Әскери кафедрада білім бере отырып, біз қыздарға бірден ҚР Қарулы Күштерінің офицері ретінде өзін айқындауға мүмкіндік береміз. Әділ болу үшін және бірде-бір жоғары оқу орнының бойжеткендері назардан тыс қалмау үшін біз барлық жоғары оқу орындарында аштық. Оқу аяқталғаннан кейін барлық үйренушілерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі және олар автоматты түрде ҚР Қарулы Күштерінің жұмылдыру резервіне енгізіледі», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева.
Осылайша, жігіттермен қатар оқу орнының бейіні тұрғысындағы жақын әскери мамандық бойынша қыздардың да қосымша білім алу мүмкіндігі бар.
«Біздің әскери кафедрада төрт мамандық бойынша дайындықтан өтеді. Студент қыздардың көбісі болашақта өздерінің өмірін ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етумен байланыстыруды жоспарлайды. Берілген тапсырмаларды қыздар сәтті орындайды. Және менің ойымша, олардың біршамасы әрі қарай қызмет жасауға дайын», - деді Қазақ-гуманитарлық заң университетінің әскери кафедра бастығы запастағы полковник Амангелді Ибраев.
«Университетімізде әскери кафедрада оқуға мүмкіндіктің барына өте қуаныштымын. Бала кезімнен әскери қызметші болуды армандадым және білім алғаннан кейін әрі қарай ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуді жоспарлаудамын», - деді 1-курс студенті Қазына Әнуарова.
Қыздар ер балалармен қатар саптық, жауынгерлік даярлықпен, жарғы, әскери топография пәнімен және өзге де әскери ғылыммен айналысады.