ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ШАРУАҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Кеше облыс әкімдігінде «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» іс-шараларын іске асыруда ҚР жер заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған семинар өтті. ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігі ұйымдастырған бұл шараға Қызылорда облысы әкімдігінің, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің, мемлекеттік емес ұйымдардың, қала, аудан әкімдіктерінің, ауылдық округтердің өкілдері, облыстық жер қатынастары, жер пайдалануы мен қорғауды бақылау, ауыл шаруашылығы басқармалары мамандары қатысты.
Семинарды жүргізіп отырған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев аймақтағы жер қатынастарын рет- теу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу аясында атқарылып жатқан шаралар жайында қысқаша түсінік беріп өтті. Облыстың жер қорының ішінде жер иеленушілерге табысталып, ауыл шаруашылығында пайдаланылып отырғаны 2439,1 мың гектар. Бұл облыстың жалпы жер қорының 10,2 пайызын құрайды. Жер пайдаланушылар саны 3793, оның ішінде 3548 шаруа қожалығы болса, 245-і заңды тұлғалар. Соңғы үш жыл- да жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлерінің 7 пайызы пайдаланылмай отырғаны анықталды.
Мұнан соң Ұлттық экономика министрлігінің Экономика инфрақұрылымдарын дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлжахан Бимендина ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке табыстау механизмі туралы айтып берді. Баяндамашы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамның 35- қадамы ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдала- ну мақсаты мен оларды нарыққа шығару екенін еске салып өтті. Ал 36-қадам Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу рәсімдерін жеңілдету, ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру жайында. Министрлік өкілі ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану мақсатында нарықтық айналымға енгізуге бағытталған кейбір іс- шаралар қабылданғанын атап өтті.
Жердің белсенді нарықтық айналымын қалыптастыру және жер қорының экономикалық тиімділігін көтеру мақсатында 2015 жылы 2 қарашада «ҚР-ның Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Бірінші, мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жеке меншікке аукцион арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы кезекте – аукцион арқылы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын көтеру жолымен өткізіледі. Егер екі аукцион нәтижесінде жер учаскесі сатылмаса, ол учаскенің белгіленген кадастрлық құнының ең төмен шегіне (кадастрлық құнының 50 пайызы) дейін төмендетуді қарастыратын аукционға шығарылатын болады. Г.Бимендина жалға берілетін жер учаскелерін сатып алуға жеңілдік шарттарына да тоқталып өтті. Аталған норма қазіргі жер пайдаланушылардың мүдделерін ескереді және оларға бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жал- дау мерзімі аяқталғанға дейін, оның кадастрлық құнының 50 пайыз жеңілдік бағасы бойынша, оның төлем мерзімін 10 жылға дейін ұзарту арқылы сатып алу құқығы беріледі.
Одан басқа бұрын шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берілген жер үлестері иелерінің құқықтарын қорғайтын норма қарастырылады. Келесі кезекте жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулер алу туралы түсінік берілді. Бұл норма жер пайдаланушыларға жалға беру құқығымен құқықтық мәмілелер жасауға, атап айтқанда, банкке салуға, жалға беру мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік бермек.
Семинарға қатысушылар сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы пайдалану мақсатын ауыстыру процедурасын жеңілдету, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты мониторинг жүргізу, пайдаланылмай жатқан барлық алқаптарды әрі қарай жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру туралы ақпараттар алды. Аграрлық салада қолайлы жағдай жасау, ауыл шаруашылығымен байланысты нысандар құрылысына және шаруашылық жүргізу нысаны өзгергенде әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту процедурасы алып тасталады. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін нарықтық айналымға толық енгізуге қажетті жағдайлар жасайтын болады. Жер пайдаланушылардың жер ресустарын ұтымды пайдаланудағы жауапкершілігі мен ұмтылысын күшейтеді. Осыған орай, облыстық әкімдіктер алдында бірнеше міндеттер тұр. Алғашы кезекте жерді жеке меншікке сатып алуды қарастыратын жалға берушілер тізімін жасауы тиіс. Аукциондарда сату үшін жер учаскелерінің тізімін бекітіп, тиісті қаржы бөлуге байланысты дайындық іс-шаралары жүргізілуі қажет.
Ал ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекет ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы сатуға кірісуі керек. Сонымен бірге, аталған шараларға мониторинг жүргізу мақсатында тиісті ақпаратты ай сайын Ұлттық экономика министрілігіне жолдап тұрады.
ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын бақару комитетінің жерді қорғау және геодезия қызметіне мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Самат Сәрсенов аукционнан сату ережелері туралы айтып берді. Ереже бойынша аукционға қатысушылардың тізімі жасалады. Конкурсқа дайындалу үшін арнайы комиссия тағайындалады. Аукцион өткізу жалпы тәртіппен жүргізіледі. Әрбір сатылған нысан бойынша хаттама жасалады. Баяндамашы сонымен қатар конкурс құжаттарының қалай жасалатыны жайлы да кеңінен түсіндіріп өтті.
Семинарда Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы Арнольд Ли көтеріліп отырған тақырыпқа қатысты қосымша ақпараттар берді.
Ал ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің сарапшысы Нұрлыбек Шаймаханов 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру шеңберінде салық жүйесін түбегейлі реформалау көзделіп отырғанын жеткізді. ҚР Салық кодексінің жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы мемлекет үшін де, салық төлеушілер үшін де экономикалық тиімді болуын ескеруде. Солардың қатарында шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін реформалау мәселелері де талқылануда. Жаңа "Салық-кеден кодесінің” жобасы тамыз айында Парламентке енгізілетін болады.
Мұнан соң семинарға қатысушылар астаналық қонақтарға өздерін мазалаған мәселерге байланысты сұрақтар қойып, жауабын алды.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы» газеті