ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕК ҮШІН 36,7 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Биылдан бастап шартты ақшалай көмек көрсету бойынша әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің жаңа моделі облыстың барлық ауданында қолданысқа енгізілді.
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Алдажаров пилоттық жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 36,7 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Оның 12 млн.-ы – республикалық бюджеттен. Көмек алушылар – жасы 18-ге толмаған балалар мен жасөспірімдер, еңбекке жарамды адамдар, бала күтіміндегілер, студенттер мен мүгедектер.
- Жұмысқа жарамды азаматтарды еңбекке тартуға, мамандық алуға, қосымша мамандық алуы үшін қайта даярлауға ықпал етеміз. Ауылдық жерлерде өз мамандығы бойынша екі қолға бір күрек таба алмауы мүмкін. Сондықтан оларды қоғамдық жұмысқа тартуға тырысамыз, - деді Аманжол Алдажаров.
Назерке САНИЯЗОВА