ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН КЕПІЛДЕНДІРУ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
«Бәйтерек» холдингінің жанынан Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады, деп мәлімдеді ұлттық компанияда.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 7 сәуірде қол қойған «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа заңды іске асыру аясында «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның негізінде Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады», - делінген хабарламада.
Жарғылық міндеттерге сәйкес Кепілдік беру қоры уәкілетті компания тұрғын үй құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда үлескерлерге тұрғын үй құрылысының аяқталуы бойынша кепілдік береді.
Кепілдік беру қоры үлестік құрылыс қатысушыларына қаржылық тұрақтылық, тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптарын қояды және инжинрингтік компаниялар арқылы үлескерлердің ақшасының мақсатты пайдалануына бақылау орнату механизмін енгізеді, сондай-ақ тәуекел-менеджментінің үздік тәжірибелерін қолданатын болады.
Бұдан басқа, Қор мақсатты бағыты - кепілдік жағдайды реттеумен байланысты шығындарды өтеу болатын кепілдік жарналар арқылы арнайы қорды қалыптастырады. Кепілдік жағдайы туындаған кезде, Қордың аяқталмаған құрылыс нысанын аяқтау бойынша міндеттемесі туындайды.
Кепілдік жағдайлардың тізіміне: тұрғын ғимаратты пайдалануға беру мерзімдерін бұзу; ақшаны мақсатсыз пайдалану; заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген құрылыс салушының дәрменсіздігі кіреді.
«Кепілдендірілген тұрғын құрылысты енгізу механизмі «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының 2015-2019 жылдары іске асырылуына септігін тигізеді, дәлірек айтқанда: құрылыс саласындағы қауіптердің азаюын қамтамасыз етеді, тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырады, тұрғын құрылыс қарқындарының өсуіне септігін тигізеді», - деп баса айтты ұлттық холдингте.
Бұған дейінгі қабылданған заң қойылған міндеттерді орындамаған еді. Оның негізгі кемшілігі - үлескерлердің қаражаты құрылыстың аяқталуына дейін пайдаланыла алмайтын, бұл тиімсіз механизм және нәтижесінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында 2010 жылдан бері үлескерлердің қаражатын тартуға тек 1 лицензия берілген. Осыған байланысты үлескерлік жарналарды кепілдендірудің жаңа механизмін енгізу қажеттілігі туындады.