БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, тек батыста жауын жаумайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріліп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz.
Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында тұман түседі.
Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарында тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей аудандарында шаңды дауыл көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.