Т. ДҮЙСЕНОВА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР БАСШЫЛАРЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН КӨТЕРМЕУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТЫ БЕКІТТІ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтардың басшылары 105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталып отыр. Құжат аясындағы шаралар 2016 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Тізімдегі дәрілердің арасында қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дәрілер бар, сондай-ақ көз және құлақ тамшылары, дәрумендер және басқа да дәрі-дәрмек түрлері кіреді.
Қол қою рәсіменен кейін Т. Дүйсенова қауымдастық басшыларына алғыс хаттар табыстады.
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік қамтамасыз етуге қатысқандарыңызға, қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар үшін, дәрілік заттарға бағаның өсуіне жол бермеуге жәрдемдескені үшін алғысын білдіреді», - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, аталған құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды.