ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, жауын жауып, кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түседі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-ті құрайды. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жел соғады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде 0-5 градус суық болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 0-3 градус суық болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында, кей жерлерде оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.