ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН БОЛАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлері жоспарлаған жалпы құны 145млн.теңге болатын 6 жаңа жобалар облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің басшылығымен өткен кезекті Аймақтық Үйлестіру Кеңесінің отырысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша қолдау тапты.
АҮК мүшелерінің қарауына түскен жобалар негізінен денсаулық сақтау, құрылыс материалдарын шығару мен тамақ өнідірісі және жүк тасымалымен айналысуға бағытталған.
Кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан несиенің 10% үстеме мөлшері субсидияланатын болады. Несие пайызын субсидиялауғашешім шыққан 6 жобаның ішіндегі 3 жоба сондай-ақ кепілдендіру құралы бойынша да қолдауға ие болды.
Кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыратын екінші деңгейлі банктер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ және «Банк Центр Кредит» АҚ бұл жолы да шағын орта бизнесті қолдауға өз үлестерін қосуда.
ЖК«Мырзақұлова»компаниясы қабырға блоктарынөндірумен, яғни қиыршық құм негізінде құрылыс материалының өндірісімен айналысады. 20 млн.теңгеге рәсімделген несиеге кәсіпорынның өндіріс қуатын арттырып, табысын көбейтуге мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда. Бірыңғай бағдарлама аясында ЖК Мырзақұлованың несие үстемесі 14%-дан 4% дейін төмендетілетін болды.
«Алмат» ЖКжобасы бойынша Шиелі ауданында компьютерлік орталық ашу көзделуде және сол арқылы аудан көлемінде компьютерлік техниканы жөндеу мен техникалық қызмет саласында сапалы әрі кәсіби қызмет көрсетуді жөнге қою болып табылады. Компанияның рәсімдеген 3млн.теңге көлеміндегі несие конпьютерлік орталықты жабдықтауға арналған барлық құрылғыларды сатып алуға жұмсалады.
85 млн.теңге қаржыны несиеге алуды жоспарлаған ЖШС «Агро-Центр» компаниясының несие үстемесі мемлекет тарапынан 10% көлемінде субсидияланатын болады. Крахмал шығарумен айналысатын мекеме рәсімдеген несие қаржысын айналым қаражатын толтыруға жұмсауды жоспарлауда.
АҮК отырысының қорытындысы бойынша пайызды субсидиялау мен кепілдендіру сияқты қолдау құралдарына ЖК «Сүлейменова», ЖК «Сырғабаев» және ЖК «Әйгерім» компаниялары да қол жеткізді.