ЖЕҢІС КҮНІНЕ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ
Қызылордалық Ұлы Отан соғысының ардагерлері 9 мамырға біржолғы төлемақы алады, - деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
Ардагерлердің есепшотына қаржыны Жеңіс күні қарсаңында аудару жоспарланған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Шәризат Алмашеваның айтуынша, биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына 40 АЕК – 84840 теңге көлемінде біржолдық төлемақы беріледі. Мұны оларға теңестірілгендер – бұрынғы фашистер немесе олардың одақтастары құрған концлагерь және басқа да бас бостандығынан айыру орындарының тұтқындары да алады.
Тыл ардагерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге 42420 теңгеден үлестіріледі. Одан бөлек, қалалық және аудандық бюджеттерден қосымша қаражат бөлінеді. Ардагерлер мен мүгедектерге – 40 АЕК, ал еңбек майданына қатысушылар мен соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге – 30 АЕК (63630 теңге) көлемінде тағайындалады.
1 сәуірдегі мәлімет бойынша облыста 70 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.