ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ж.Жылқышиеваның төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Е.Сүлейменовтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесі және тәртіптік комиссиямен өткен жыл мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген жұмысының есебі тыңдалды.
Соңғы уақытта Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде азаматтардан арыз-шағымдардың түсу жағдайлары жиелінген, бір қызметкерге бірнеше рет пара алу фактісі бойынша сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Әдеп жөніндегі кеңес Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу шараларын күшейту, тәртіптік комиссия жұмысын ретке келтіру жөнінде ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің қызметіне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы тыңдалды.
Талдау қорытындысымен бос лауазымдарға конкурстар өткізу тәртіптері бірнеше рет бұзылғандығы, соңғы 2 жыл көлемінде кадрлардың ауысуы 80 пайызды құрағандығы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда және мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолдануда бірқатар өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі, аппараттық оқытулардың формалды өткізілгендігі анықталған.
Осы мәселе бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департамент басшысының міндетін атқарушы Ғ.Байменованың есебі тыңдалды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері талдау қорытындысын тиісті шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолдауды ұсынды.
Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округінің әкімі М.Әшірбековтің тәртіптік ісі қаралды, ол үшінші топтағы мүгедек, ауыл тұрғынын клубқа күзетші ретінде жұмысқа аламын деп жазбаша уәде беріп, әлі күнге дейін орындамаған.
Ең қызығы, клуб дербес мекеме болғандықтан, заң бойынша ауылдық округ әкімі мұндай уәдені беруге құқығы болмаған. Әдеп жөніндегі кеңес аудан әкіміне М.Әшірбековті Әдеп кодексі талаптарын бұзуына байланысты жауапкершілікке тартуды, және мүгедекті жұмысқа орналастыру бойынша мәселесін пысықтауды ұсынды.
Күн тәртібінде соңғы мәселемен Қармақшы аудандық прокуратурасының мемлекеттік мекеме басшысы Б.Дүйсенбаевтың төрағалығымен аудандық білім бөлімінде жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша заңнама бұзушылықтарын жою туралы ұсынысы қаралды.
Аудан прокуратурасы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге өткізілген конкурста тендер жөніндегі комиссиямен жеңімпаз болып танылған «Өмірзақ» ЖШС-на артықшылықтар көрсетілгендігін анықтаған.
Әдеп жөніндегі кеңес аудан әкіміне аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дүйсенбаевқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсыну туралы шешім қабылдады.
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы