ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ АПТАЛЫҚ ӨТТІ
1-7 сәуір аралығында Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай апталық жарияланып, облыстық, қалалық, аудандық емдеу ұйымдарында «Ашық есік» күндері өткізілді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Емханаларға қаралуға облыс бойынша 2700–дей тұрғын келген.
Облыс көлеміндегі мектептердегі оқушылар арасында «Денсаулық –Тәуелсіз елдің тірегі», «Мен жұқпалы аурулардан сақтана аламын!» тақырыбында шаралар ұйымдастырылып, барлығы 8117 баланы қамтыды. Сондай-ақ, медициналық бригада жасақталып, еңбек ұжымдарында көшпелі медициналық қызмет көрсетілді. Қалалық, аудандық мектептерде «Тіс тазалау ережелерін білесің бе?» атты тренингтер және дәрістер өткізілді.
Апталықтың соңғы күні Орталық алаңда жалпы қала тұрғындары, жастар, қарттар мен балалар арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, «медициналық қалашық» медициналық көмек көрсетті.
Акция соңы жастардың мерекелік концертіне жалғасты.