3 000-НАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалада салынып жатқан бірқатар тұрғын үйді аралап, жол құрысымен танысты.
«Сыр бойы» газетінің тілшісі хабарлағандай, биыл 3 000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды деген жоспар бар. Осы мақсатта бүгінде 30 нысанның іргетасы қаланып, қызу жұмыс жүргізілуде. Солардың бірі "Сәулет” шағын ауданынан бой көтеріп жатқан қалашықта құрылыс қарқын алған. Мұнда «Өңірлік дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 50 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үй салынуда.
Қала әкімі Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ғ.Мұратбаевқа дейін салынатын жолдың жайымен танысты. Сметалық құны 2 млрд. теңгеден асатын жоба орын алатын кептелісті азайтып, қаламызды одан әрі ажарландыра түспек. Жол құрылысын "УАД” ЖШС қолға алған. Ол қазан айында аяқталып, вело және жаяу жүргінші жолы қатар салынады деп күтілуде.
Қала әкімінің келесі аялдамасы – "СПМК-70” шағын ауданы болды. Онда "Бәйтерек” АҚ арқылы 640 пәтерлік 12 үйдің құрылысы жүргізілуде. Былтыр мұндағы 370 пәтердің кілті табысталса, қалғаны биыл пайдалануға беріледі.
Осылайша, бірқатар нысандарды аралап шыққан Нұрлыбек Нәлібаев былтыр үй кезегінде тұрғандардың 17 пайызы баспаналы болса, биыл бұл көрсеткіш 20 пайызға жететіндігін айтты.