БІЛІМ САЛАСЫНДА ҚЫРУАР ҚАРЖЫНЫҢ МАҚСАТСЫЗ АУДАРЫЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысында жалпы құны 110 млн. теңге тұратын су тазарту фильтрлері қаладағы мектептер мен балабақшаларға орнатылмаса да бюджет қаржысы осы мақсатқа толығымен аударылғаны анықталды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, одан бөлек, мемлекеттік бағдарлама аясында барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымына былтыр мектепке дейінгі тәрбие беру үшін ұлттық қор мен мемлекеттік бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Осы қаражатты игеру барысында да құқықбұзушылыққа жол берілген.
«Мысалы, Жалағаштағы «Зейнеп» балабақшасына 60 балаға қызмет көрсетті деген желеумен қаржы аударылған. Алайда, білім бөлімі тек 47 балаға ғана жолдама берген. Қалған балаларға қызмет көрсетілмесе де өткен жылдың қараша-желтоқсан айларына 800 мың теңгеге жуық қаржы негізсіз аударылған», - делінген хабарламада.