КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА 60 МЛРД ТЕҢГЕ НЕСИЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер мен «Казагро» xолдингінің еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд теңге бюджеттік несие бөлінді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Казагро» ұлттық басқарушы xолдингі төрағасының орынбасары Айгүл Мұxамедиева айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Биыл минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзаңдатуға 26,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы 291 мың тонна минералды тыңайтқышты және 12,6 млн литр гербицидті жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, аса зиянды организмдермен күрес жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4,6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер мен «Казагро» xолдингінің еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд теңге бюджеттік несие берілді», - дейді А.Мұxамедиева.
Қазақстанда 209 мың гектардан астам алқапқа жазғы дәнді дақылдар себілген. Ғылыми мекемелер солтүстік және орталық аймақтар үшін жазғы дәнді дақылдарды себудің оңтайлы уақыты 15-30 мамыр аралығы екенін айтып отыр.
«Қазгидромет» деректері бойынша, 2016 жылғы көктемгі егіс кезеңінде ылғал қоры барлық аймақтарда топырақ қабатында қанағаттанарлық деңгейде болады. Бұл ретте қарды жинаудың, әсіресе, солтүстік және батыс өңірлерде қолайлы болуына сол сияқты наурыз айындағы жауын-шашынның мол түсуіне байланысты ылғал қоры едәуір толықтырылды», - дейді «Казгидромет» РМК Агрометрологиялық болжам басқармасының басшысы Ерболат Мұқанов.