ОБЛЫСТАН АУДАНҒА 14 ФУНКЦИЯ БЕРІЛЕДІ - Е.ДОСАЕВ
Облыстан аудандық деңгейге 14 функция беріледі. Бұл туралы бүгін Сенатта «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңының жобасы, «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты.
«Жергілікті атқарушы билік деңгейлері арасында облыстан аудандық деңгейге шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту, аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептері қызметін қамтамасыз ету сияқты 14 функция беріледі», - деді Е.Досаев.
Министрдің атап өтуінше, заң жобаларын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар әкелмейді.
«Сонымен бірге, заң жобаларын қабылдау «жинақы» Үкімет қалыптастыруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, рұқсат айналымын оңтайландыруға әрі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға жақындатуға мүмкіндік береді», - деді министр.