АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫС БОЙЫНША 70 ІС ҚҰЖАТ СОТҚА ЖОЛДАНҒАН
Бүгінде қаламызда «жұмысқа орналастырып беремін», «кезекті жылжытып жер немесе тұрғын үй алып беруге көмектесемін» деп тұрғындардан ақшасын алып, алдап кетіп жатқан деректер орын алуда.
Осы орайда бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында қала әкімі орынбасары Айдын Қайруллаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында қалалық жергілікті полициясы қызметінің басшысы, подполковник Қуаныш Шүкіров биылғы жылдың 3 айында Қызылорда қаласы көлемінде 227, яғни 33 пайызға алаяқтық қылмысы төмендегенін айтты. Тіркелген барлық алаяқтық қылмыстық істің 70 іс құжаттар сотқа жолданған. Оның ішінде атап айтар болсақ, 18 іс жұмысқа орналастырамын деп алданған, 10 іс несие алуға, 9 іс жер алып беремін деп, 7 іс пәтер алып берем деген, 3 іс оқуға түсіремін деп алданған құжаттар.
Ал қазіргі таңда 18344 отбасы тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген. Өтініш беріп, тізімге қойылған барлық азаматтарға пәте кезек ретімен беріледі. «Тізімге енгізілген басқалар алдында ҰОС мүгедектері мен қатысушыларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда ешкімнің де басымдық құқығы болмайды», - деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі КММ-нің басшысы Ерлан Бердібаев. – Кезексіз үй алып беремін деп, алдап ақша алған алаяқтық бойынша 16 дерек тіркелді. Көбіне алаяқтар әйел адамдар. Сондықтан сақ болған дұрыс. Биыл айта кету керек, 60 тұрғын үй беріліп, 3014 отбасы баспаналы болады деп жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Еркебайдың мәлімдеуінше, анықталған 678 заңсыз жер учаскесінің 268 заңсыз құрылыстың иелері анықталды. Оның ішінде 53 іргетас белгіленіп, 31 наурыз күні Әл-Фараби ауданынан 6 іргетас, бүгін Қорқыт ата ауданынан 2 іргетас сүрілді.
Шынар БЕКБАН