20 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «БОЛАШАҚПЕН» ОҚЫП ЖҮР
Бүгін Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратының өңірлік баспасөз орталығында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының ресми әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығметов ақпараттық брифинг өткізді. Кездесуде үміткерлерді іріктеу ережелері, бағдарламадағы өзгерістер, үміткерлерге қойылатын талаптар түсіндірілді.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылған уақыттан бері 8 443 маман даярланды. Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 69 түлек еңбек етуде. Жалпы, бітірушілердің 97 пайызы жұмысқа орналасқан. Көбі – мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, жеке компанияларда, мемлекеттік сыңайлы секторларда. Қазіргі уақытта шет елдерде сырбойылық 20 стипендиат білім алып жүр.
- Бұл – әлемге әйгілі жоба, біздің бренд. Дамыған мемлекеттерде ол жөнінде көбі біледі. Біз азаматтарды оқуға мақсатты түрде жібереміз. Үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Биыл құжаттар 11 сәуір-30 қыркүйек аралығында қабылданады. Талапкерлер бізге немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, тіпті, электронды үкімет порталына жүгіне алады. Бес кезеңнен тұратын конкурстан өткен жағдайда стипендиатпен келісімшарт жасасамыз. Ең басты талап – жақсы оқу және оқу бітіргесін өз елінде бес жыл жұмыс істеуі тиіс, - деді Ғани Нығметов.
Өтініш білдіретіндердің көбі – Астана мен Алматы қалаларынан. Сондықтан ел аймақтарында үміткерлер санын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Биылғы және бір ерекшелік немесе жеңілдік десе де болады, құжаттар нотариалды куәландыруды қажет етпейді.
Назерке САНИЯЗОВА