МАҢЫЗДЫ ЕМТИХАН
Облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде мектеп оқушыларымен кездесті. Онда білім сапасын көтеру және алдағы ҰБТ-ға дайындық жайы сөз болды, - деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қасымова айтқандай, ҰБТ-ны өткізу тәсілдері мен ережелерін түсіндіру мақсатында мектептерде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жылда тестілеу сынағы бір уақытта – 1-15 маусым аралығында өткізіледі. Биыл да солай. ҰБТ-ға қатысуға өтініштер 10 наурыздан 25 сәуірге дейін қабылданады.
Кездесуде сондай-ақ елімізде 2011-2012 оқу жылынан бастап білім жетістіктерін ішкі бағалаудың өзіндік мониторингі қолданысқа енгізілгені айтылды. Рауан Кенжеханұлы оқушылардың білім сапасы көптеген факторларға, оның ішінде мұғалімнің деңгейіне байланысты екенін атап өтті.
Ауданға сапары барысында Рауан Кенжеханұлы аудандық аурухана, «Шағала» балаларды сауықтыру орталығы және «Бәрі рахмет үшін» әлеуметтік дүкенінің жұмысымен танысты.