ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗАМАТТАРДАН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ-ЖАРАҚТАР МЕН ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ ӨТЕМДІ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛМАҚ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2015 жылғы 27 наурызындағы №266 бұйрығымен бекітілген «Азаматтардың заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру» ережесіне сәйкес 2016 жылғы 15 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрілердің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды.
Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтындығын ескертеміз. Сонымен қатар, азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен басталғалы жатқан акцияға республикалық бюджеттен 15000000 теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Сөз соңында, облыс тұрғындары заңсыз сақтаудағы қаруларын, оқ-дәрілерін, жарылғыш заттарды ішкі істер бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз үлестерін қосады деген сенімдеміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі