ҚАЗАҚСТАН АСТЫҚ ЭКСПОРТЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕЙДІ
Соңғы 5 жыл ішінде еліміздегі ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 1,3 есеге артқан. Көңіл көншітерлік көрсеткіш бұдан былай да еселеп, арта түспек, деп хабарлады «24 кз».
Бұл ретте Қазақстанның бастамасымен іргесі қаланған азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының шоқтығы биік тұр. Бүгін ҚР Президенті жаныдағы Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Көшербаев осылай деп мәлімдеді. Сала басшысы аталған ұйым бас ассамблеясының қорытынды сессиясы 28 сәуірде елордада өтетінін де мәлімдеді. Осы 20-дан астам мемлекеттің мүддесі тоғысқан жиында қатысушылар тың тәжірибелерімен бөліспек. Қазақстан осы ұйым аясында алыс-берісті арттыруды көздеп отыр. Ал 200 млн гектардан астам ауылшаруашылық жайылымы бар еліміз үшін бұл бірегей мүмкіндік болмақ.
Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
- Біз бұл ұйым арқылы астықты Парсы шығанағына экспорттауды көздеп отырмыз. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы түрлі жобалардың жүйелі жүзеге асуына септігін тигізеді деген ойдамыз. Осылайша жылына 1 млн тонна астық экспорттау жоспарда бар.