БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ СОҒЫП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, тек батыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста найзағай болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетпек. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.