ҚР БҒМ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРУЫН ҚОЛДАЙДЫ
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептегі оқу жылын маусым айының ортасына дейін ұзартуды қолдайды. Бұған дейін, оқу жылын маусымға дейін ұзартуға қатысты ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева да өз пікірін білдірген болатын. Е.Сағадиев біртірдеп бұл жүйеге де ауысуымыз мүмкін екенін білдірді, - деп хабарлайды Today.kz.
«Бұл өте қажет, өйткені бес күндік оқу аптасын енгізетін болсақ, онда бала 36 күн демалады. Ол (оқуды маусымға дейін ұзарту-ред.) осы 36 күннің орнын толтыруы тиіс. 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі аралықта. Сондықтан оқушылардың жаздағы оқуын ұзартуға болады. Бүгінгі күні бірінші сынып оқушылары оқу жылын 1 маусымның төңірегінде аяқтайтын болады. Осылайша жыл өткен сайын оқу жылы ұзара береді. Жоғары сынып оқушылары, бәлкім, маусымның ортасында аяқтайтын шығар. Әрі қарай есептеп қараймыз, себебі одан кейін емтихандар болады», – деді Ерлан Сағадиев қазақстандық мектеп киімдерінің форум-көрмесі кезінде.
Бұл жаңашылдық білім берудің жаңа деңгейіне қиындықсыз көшуге көмектесетін жаңа оқу бағдарламасымен де байланысты болып отыр.
Мектептерде бес күндік енгізіліп, сол арқылы оқу жылын ұзарту қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді делінген.