«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНДЕГІ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
5 сәуірде «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының алғашқы жиналысы болды. Онда Фракция Жетекшісінің орынбасарлары сайланып, фракцияның ұйымдық құрылымы бекітілді, - деп жазады партия сайты.
Жиналысқа партия Хатшысы Наталья Годунова, Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Президент және Үкімет өкілдері қатысты.
Фракция жиналысының Күн тәртібіне сәйкес Фракцияның ұйымдық құрылымы, Фракция жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы ереже бекітілді; Фракция Жетекшісінің орынбасарлары және Фракция жанындағы консультативтік-кеңесші органдар басшылары сайланды; Фракция жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құрылды.
Өз сөзінде Фракция Жетекшісі Гүмира Истайбекқызы Исимбаева ағымадағы жылдың 24 наурызында Елбасымыз, партияның Төрағасы Н.Ә.Назарбаев партия Саяси кеңесі Бюросының отырысында партиялық Фракцияның алдына қойған негізгі міндеттерге тоқталды, сондай-ақ Саяси кеңес Бюросы Фракция туралы ережені бекіткендігін хабарлады.
Фракция туралы ережеде Фракцияның негізгі міндеттерін, Фракция Жетекшісінің және оның орынбасарларының негізгі қызметтері, Фракция Төралқасының құзыры нақтыланды, фракциялық жұмысты ұйымдастыру принциптері нығайтылды.
Фракция туралы ережеге сәйкес Фракция жиналысы депутат Асқар Базарбаев, Ирина Аронова, Нұртай Сабильяновты Фракция Жетекшісінің орынбасарлары етіп сайлады.
«Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы ереже қаралып бекітілді.
Фракция шешімімен Фракцияның жанындағы үш консультативтік-кеңесші органдар: Экономикалық саясат жөніндегі кеңес; Әлеуметтік кеңес; Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңес құрылды.
Экономикалық саясат жөніндегі кеңесті депутат Бейбіт Мамраев, Әлеуметтік кеңесті депутат Шавхат Өтемісов, Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесті депутат Серік Сейдуманов басқаратын болды.
Сонымен қатар, Фракция жиналысы «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының жанындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ҚР Ұлттық Қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша комиссияның жеке құрамы бекітілді және оның келесі бағыттар бойынша басшылары сайланды:
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» комиссиясын - депутат Ирина Аронова;
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желелерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» комиссиясын - депутат Берік Оспанов;
«Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті пен іскерлік белсенділікті қолдау» комиссиясын - депутат Нұртай Сабильянов;
«Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту» комиссиясын - депутат Мұхтар Тінікеев;
«Агрөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру» комиссясын - депутат Жексенбай Дуйсебаев басқаратын болды.
ҚР Мәжілісіндегі партиялық Фракция мүшелерін «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.» бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар жөніндегі партия Хатшысы Наталья Годунова хабардар етті.
Сонымен қатар, отырыста Фракцияның ағымдағы қызметінің мәселелері қаралды.