ЖАЗДА ТИТОВТАҒЫ 60 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШЕДІ
Көп ұзамай Қызылорда қаласының Титов қыстағында 60 отбасы қоныс тойын тойлайды. Олар қызыл кірпішті жаңа бес қабатты үйде тұратын болады, - деп жазады «Кызылординские вести» газеті.
Ал әзірге «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС болашақ көпқабатты тұрғын үйдің құрылысындағы соңғы жұмыстарды бітіруге күш салып жатыр. Бөлімше бастығы Қалқаман Қалмұратов айтқандай, жұмыс 80 пайызға аяқталған.
Қазіргі күні құрылыс басында 100-ге жуық адам еңбектенуде. Олардың бар ойы – нысанды белгіленген уақытқа, яғни жазға дейін пайдалануға беру. Жаңа үй екі, үш бөлмелі пәтерлерден тұрады.