ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖЕТІ БАҒЫТЫ
Облыстық медицина орталығында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылатын негізгі жұмыстардың бағыт-бағдарын нақтылауға арналған кеңейтілген семинар кеңес өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты.
Облыстағы барлық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен бас дәрігердің ішкі аудит бойынша, БМСК, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасарлары мен бас мейірбикелер шақырылған семинарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова ашып, жүргізіп отырды.
–Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қорытындыланып, денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама қол жеткізілген нәтижелерді бекіту мен дамытуға және саладағы проблемаларды жаңа сын тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталады, сондай-ақ, саланың 2050 жылға дейінгі жоспарлы дамуына негіз болады, – деген басқарма басшысы жаңа бағдарламаның медициналық қызметтің сапасын көтеріп, қолжетімділігін жақсартуға, жүйені басқару мен қаржыландырудың тиімділігін арттыруға, сонымен бірге қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталғанын атап өтті.
Ақмарал Шәріпбайқызы сонымен бірге, алдағы уақытта тұрғындар денсаулығының ағымдағы жай-күйін және инфекциялық емес аурулардың болжамды өсімін ескере отырып, медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін әзірлеп, кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, басқарма басшысы халықты сапалы көмекпен қамту, денсаулық сақтау шығындарын тиімді пайдалану, мақсатты индикаторларға жету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ҚР статистикалық көрсеткіштері бойынша жалпы өлім-жітім себептерінің 52 пайызын құрайтын ана мен бала, онкология, жарақаттану, жіті инфаркт миокарды, инсульт – негізгі 5 өзекті бағытта жол карталарын әзірлеп, профильді ғылыми орталықтармен келісіліп, бекітілгенін, ағымдағы жылы облыстық мәслихат отырысының шешімімен жол карталарында көрсетілген іс-шараларды іске асыруға, лизинг бойынша медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 164 млн. теңге қаржы бөлінгенін атап айтты.
Семинар-кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Мырзағалиеваның баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында өңірлік жоспардың негізгі бағыттарынеа тоқталды.
Белгілі болғанындай, өңірлік жоспар негізгі жеті бағытты қамтиды. Атап айтқанда, тұрғындар денсаулығын сақтау негізінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту бірінші бағыт болса, екіншісі, бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарын дамыту және қажетті денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру арқылы модернизациялау үшінші – сапалы медициналық қызметпен қамту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде Ұлттық саясатты жүзеге асыру. Қаржылық тұрақтылықты көтеру мен денсаулық сақтау саласының негізгі жауапкершілігін енгізуді аяқтау да келесі басым бағыттар аясына еніп отыр. Сонымен бірге, салада адами ресурстарды басқарудың тиімділігін көтеру, саланы дамытуда мемлекеттік-жекеменшік құрылымдарды және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету көзделуде.
Жиында сонымен бірге, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің біріктірілген үлгісін енгізуге және жұмысының тиімділігін көтеруге бағытталған жол картасын іске асыру туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Жаннат Қожарипованың хабарламасы тыңдалды.
Облыста жалпы, тууға көмек көрсететін 9 медициналық ұйым бар, олар 735 төсек орынмен қамтылған. Ал балаларға арналған төсек 665-ті құрайды. Хабарламашы екінші деңгейлі қалалық перинаталды орталық пен үшінші деңгейлі облыстық перинаталды орталықтың біріктіріліп, үшінші деңгейлі өңірлендірілген орталыққа айналғанын жеткізді. Сонымен бірге шалғайдағы үш аудандық босандыру бөлімдерін екінші деңгейге ауыстыру ісінің қарастырылып жатқаны да белгілі болды.
Кеңейтілген семинарда сонымен бірге «Жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі 2016-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру», «Жіті миокард инфарктісі, ми қанайналым жіті бұзылыстары кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру» және «Онкологиялық ауруларды бақылаудың біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.
Кеңейтілген семинар-кеңесті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын өңірде жүзеге асыруға арналған нақты жоспардың жасалғанын, енді сол бағыттарды іске асыруда жұмыла жұмыс істеудің маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі.
Айнұр БАТТАЛОВА