ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАР ЖАУДЫ
Қызылорданың бүгінгі көрінісі ерекше – жапырақ жая бастаған ағаштар қар бүркеніп шыға келді. Қалада бұл аймақтағы сәуір айы үшін аса суық ауа райы орнады, деп хабарлайды BNews.kz.
Таңертеңнен температура нөлге жақындап, қар аралас жаңбыр жауды. Іле-шала күн райы жылынып, нөсер жауын төкті.
Қалада жауын-шашын суларына арналған суағарлар болмағандықтан, асфальт жолдар суға көлкіп, Қызылорданың сырт аймақтары ми батпаққа айналды. Көшедегі қозғалыс та саябырсып қалған. Біржарым сағаттан бері жауып тұрған жауын саябырситын емес. Аспанды тұтастай бұлт басып жатыр.
Айта кетейік, синоптиктер ертең күн жылы болады болжауда. Дегенмен, қала тұрғындарын дәл бүгінгі ауа райына қатты алаңдаулы. Себебі Қызылордада жеміс ағаштарының кейбірі гүлдеп болса, кейбірі гүлдеген қалпы қар жамылып тұр.