«РОСКОСМОС» ҒАРЫШ КЕМЕЛЕРІН ҰШЫРУДЫҢ ЖОСПАР-КЕСТЕСІН БЕКІТТІ
«Роскосмос» комиссиясы 2016 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша автоматтандырылған ғарыштық аппараттар мен басқарылатын ғарыш кемелерін ұшыру жоспар-кестесін бекітті, - деп хабарлады «Роскосмостың» баспасөз қызметі.
Бағдарлама аясында 2016 жылдың екінші тоқсанында 5 ұшырылым жоспарланған. Оның ішінде «Роскосмос» 17 мамырда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырмақ. 21 маусымда осы жерден сондай-ақ басқарылатын жаңа «Союз МС» ғарыш кемесі кезекті рет халықаралық ғарыш станциясына сапар шегеді, - деп атап өтті «Роскосмостың» баспасөз қызметі.