«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚБАНКІНІҢ» 200 МЫҢҒА ТАРТА САЛЫМШЫСЫ ӨТЕМАҚЫДАН ҚАҒЫЛУЫ МҮМКІН
Бүгінгі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бойынша өтемақы төлеуге жататын 110 мыңға жуық салымшымен қосымша келісімшартқа қол қойды. Бұл өтемақы төлеуге жататын депозиттердің 20 пайызын ғана құрайды. Мұндай қарқынмен 200 мыңға тарта салымшы банкпен арадағы қосымша келісімшарттар жасау мерзіміне үлгермеуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазақпарат» банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, банкпен салымшылар арасында өтемақы бойынша қосымша келісімшарттар жасасу 2016 жылдың 8 ақпанынан басталған болатын. Осы үдеріске берілген 114 күнтізбелік күнді есепке алғанда күн сайын орта есеппен 4096 қосымша келісімшарттар жасалуы керек болатын. Алайда, бүгінгі күні қабылданып жатқан өтінімдердің орташа саны екі жарым мыңнан аспайды.
«Тұрғын үй құрылысжинақ банкімен» қосымша келісімшарттар жасау мерзімі 2016 жылдың 1 маусымында аяқталатынын ескерсек, онда жоспарланған келісімшарттардың тек жартысына ғана қол қойылуы мүмкін», - делінген баспасөз баянында.
Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша өтемақы төлеуге жататын 31 433 депозиттердің 5970-іне ғана қосымша келісімшарттар жасалған. Ақтөбе облысында - 32490 салымшының 7843-і, Атырау облысында - 17479 салымшының 3070-і, Алматы қаласында - 56295 салымшының 13188-і, Астана қаласында - 62049 салымшының 18160-ы ғана қосымша келісімшарттар жасасқан.
«Егер депозиттер сомасына шаға қарастырсақ, 1 млн. теңгеге жетпейтін 352 860 және 1 млн. теңгеден жоғары 26 515 салым бойынша келісімшарттар жасалмай отыр. Осылайша, бүгінгі таңда өтемақы мақсатында бөлінген 21 млрд теңгеден астам сомаға сұраным болмауы мүмкін. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бастапқы кезден 467 мың келісімшарт бойынша өтемақы төленетінін жариялаған болатын. Оның ішінде салым мөлшері 1 млн. теңгеден асатын салымшылар да қамтылған еді. Өтемақы төлеуге жататын салым сомасы қазіргі күні 153,1 млрд теңгені құрап отыр. Осыған байланысты салымшылар белгіленген мерзім ішінде банкпен қосымша келісімшарттар жасап үлгеруі керек. Бұл ретте процедураны онлайн-режимде электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып жүзеге асыруға болады (www.egov.kz немесе банктің ресми сайты www.hcsbk.kz)», делінген баспасөз баянында.