АМЕРИКАЛЫҚ КОНСУЛ ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ
Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консулы Марк Муди Қызылорда қаласына сапары кезінде қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаевпен кездесті.
«Кездесуде әлеуметтік, әсіресе, білім және мәдениет салаларын дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қос елдің бірлескен іскерлік жобалары экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті», - деп хабарлады әкімдіктің бапсасөз қызметінен.
Кездесу соңында А.Қайруллаев қонақтарға Сыр елінің бас қаласы туралы естелік кітапты сыйға тартты.