ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 7 БАСТАУЫШ КӘСІПКЕР БИЗНЕС БАСТАУҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР АЛАДЫ
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында бизнес жүргізуге қайтарымсыз грантқа ие болған старт-апперлердің есімдері белгілі болды.
Конкурс қорытындысы бойынша ұсынылған 33 жобаның арасында 7 жоба қаржыландыруға қолдау тапты. Аймақтың бастауыш кәсіпкерлері жасаған бизнес-жобалардың жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан 300 мыңнан 3 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар бөлінді. Қолдау тапқан 7 жобаның ішінде 4-уі Қармақшы ауданындағы кәсіпкерлердің жобалары. Бұл бизнес идеялардың қатарында ЖК «Жанабаева Р» компаниясының Төретам кентінде сұлулық салонын ашу жобасы, ЖК «Болан» мекемесінің Ақай ауылында темірден жиналмалы қазақы үй жасау цехы, «Утетилеуова А.» ЖК Төретам кентінде жалюзи жасау жобасы және ЖК «Ермекбаева» компаниясының Ақжар ауылдағы макарон цехын ашу жөніндегі жобасы мемлекеттік қолдауға ие болып отыр.
Арал ауданының тұрғыны бастауыш кәсіпкер Нұрбек Сексенбаев ара шаруашылығы мен бал өндірісіне жасаған жобасы Гранттық қаржыландыру конкурсына үздіктердің қатарынан табылып, жеке кәсіпкердің инновациялық жобасын жүзеге асырыуына 1 млн.теңге берілетін болды.
«Жаңа ашылған бизнесті қолдау» бағдарламасының қатысушысы Шиелі ауданы Ортақшыл ауылының тұрғыны Қалима Жұматай жеңіп алған гранттық қаражатқа жоғары сапалы ұлттық тағам түрлерін, оның ішінде сөк, талқан және жент тағамын қораптағы үлгіде жасап шығаруды қолға алуда. Әйел кәсіпкердің сөзінше Ортақшыл ауылында бірнеше жылдан бері тары өндірісі халықтың айналысатын басты шаруашылығы және ол ендігі жерде мемлекет қолдауы аясында сол тарыдан ұлттық тағамдарын шығарып, оны облыс көлемінде сатуға мүмкіндік беретін шағын цех ашатын болады.
Тағы бір «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» бағдарламасына қатысушы жеке кәсіпкер Күләйша Алиханова 1,2 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Кәсіпкер грант қаражатына Жаңақорған ауданы Төменарық кентінде сұлулық салонын ашуды жоспарлап отыр. Аталған сұлулық салоны Төменарық кентіндегі осы салада алғашқы қызмет көрсету орны болмақ.
Бастауыш кәсіпкерлер жобалары аясында жаңадан 14 жұмыс орны ашылатын болады.