ТҮСІНІСТІК МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Алматы қаласында ҚМЭБИ мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттері арасында әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында Түсіністік меморандумына және профессор-оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына негізделген келісімдерге қол қою рәсімі өткізілді, - деп хабарлады университет сайты.
Аталмыш меморандумға және екі келісімге ҚМЭБИ университетінің ғылым, халықаралық және стратегиялық жұмыс жөніндегі проректоры Т.Л.Барнетт пен университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов қол қойды. Сонымен қатар, ҚМЭБИ өкілдерімен кездесу барысында университеттегі оқу процесін ұйымдастыру және басқару, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, шетелдік ғалымдарды шақыру, халықаралық байланыстарды ұйымдастыру және ҚМЭБИ университетінің тәжірибесіне негізделген ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.