«АЖАР СИТИ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ 27 МЫҢ ТАУАР ТҮРІН ҰСЫНА АЛАДЫ
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев жуырда ғана ашылған «Ажар Сити» сауда орталығының жұмысымен танысты.
Кәсіпкер С.Романовтың сауда орталығы тұрғындарға 27 мың тауар түрін ұсына алады. Ең маңыздысы, басқа сауда үйлері мен базарлармен салыстырғанда бағасы 7 пайыздан 17 пайызға дейін төмен. Сауда жасауға ыңғайлы жағдай, 50 автокөлікке арналған автотұрақ қарастырылған.
Мұнан бөлек, сауда орталығының жанынан кондитерлік және нан шығаратын цехтар салынуда. Бүгінде мұнда 57 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба толығымен іске қосылғанда барлығы 69 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Инвесторлар тарту арқылы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында Алматы қаласындағы «Скиф Трейд», Ақтөбе қаласындағы «Дина», «Анвар» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.