БИЫЛ 2 АЙДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУЫЛҒАН 59 СӘБИ ШЕТІНЕГЕН
Қызылорда облыстық прокуратура органдары ана мен балаға медициналық қызмет көрсетуде заңдылықтың сақталу жағдайын тексерді.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен жылы облыста 9 (2013 жылы – 2, 2014 жылы – 1) ана өлімі тіркелсе, 210 нәресте туылған бойда шетінеген. Биыл 2 айда тағы 59 сәби жарық дүниемен қоштасқан. 40 бала өлімі облыстық перинатальдық орталығында тіркелген.
«Медицина саласындағы уәкілетті органның тұжырымына қарағанда, қайтыс болған 9 ананың 2-уінің өлімінің алдын алуға дәрігерлердің толық мүмкіндіктері болған. Уәкілетті орган бірде-бір деректі ішкі істер органдарына хабарламаған. Сол себепті кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа да тартылмаған», - делінген хабарламада.