БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ҚҰБЫЛМАЛЫ
Еліміздің басым аумағында апта бойы ауа райы құбылмалы болады, республиканың шығысында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Кейбір облыстарда екпінді жел соғады, деп хабарлайды BNews.kz.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола өңірлерінде түнде және таңертең кей аудандарда тұман түсуі мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде күн құбылмалы, екпінді жел соғады, Жамбыл облысында 17-22 м/с дейін жетеді.
Қазгидрометтің болжамынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 0-2 градус, түнде 12-14 градус суық.
Сондай-ақ Алматыда күн ашық, көшпелі бұлт шығады. Сынап бағанасы +2, түнде 7-9 градус суықты көрсетеді.