ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАҢҒЫБАС ИТ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Бүгінде қаңғыбас ит – қоғамның өткір мәселесіне айналып отыр. Қала мен даланы жайлаған төрт аяқтылар халықтың тыныштығын бұзып қана қоймай, өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіруде. Осындай жағдайлардың алдын алып, зардаптарын жою және көктемгі мезгілде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын қалыптастыру мақсатында сәуір айының 1-10 күндері аралығында республика көлемінде «Қаңғыбас ит» профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
Іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қатар, Ветеринариялық бақылау басқармасының және құзырлы мекемелердің мамандарын жұмылдыру көзделіп отыр. Осыған сәйкес, Қызылорда облыстық және қалалық әкімдікке шараның нәтижелі жүргізілуіне ықпал ету үшін ұсыныстар жолданды.
Шара барысында халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар, көп пәтерлі үйлер мен жекелеген үй-жайлардың аулалары тексеріліп, иесіз жүрген иттерді аулап, көктемгі мезгілде құтыру ауруына шалдыққан үй жануарларын анықтап, зардаптардың алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Комментарии 1