ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
2016 жылдың 1 ақпанына қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 766,4 мың адамды құрады.
Облыстық статистика басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, соның ішінде қала халқы – 334,6 мың, ауыл халқы – 431,8 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне 43,6%, ауылдықтар үлесіне – 56,4% тиесілі.
2016 жылдың қаңтар айында облыста туылғандар саны 1573 адамды құрады, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 25,25-тен 24,05-ке азайған.
2016 жылдың қаңтар айында облыста өлім көрсеткіші 403 адамды құрап, 51 адамға көбейді (2015 жылдың қаңтар айында 352 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 5,47-ден 6,16-ге көбейген.
Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (22,8%).