ҚЫЗЫЛОРДАДА ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ
Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай 1-7 сәуір аралығында Қызылордада денсаулық апталығы өтеді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат Мырзахметов мәлімдеді.
Шаралар барысымен облыстық жастар денсаулығы орталығының жетекшісі Жанар Қалмақова таныстырды. Апталық аясында барлық қалалық емханада ашық есік күндері өтеді. Мысалы, 4 сәуірде облыстық балалар ауруханасына келіп, тегін кеңес алуға болады. Ал 5 сәуірде қала тұрғындары облыстық медицина орталығының дәрігерлерінің кеңесіне жүгінсе болады. Ашық есік күндері 6 сәуірде тері-венерологиялық диспансерде, 7 сәуірде облыстық диагностикалық орталығында ұйымдастырылады.
Сонымен қатар осы бір апта ішінде жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Қалалық емханалардың медицина қызметкерлері бекітілген кәсіпорындарда көмек көрсетеді. Тілек білдірушілер артериалды қан қысымын өлшетіп, қандағы қант және холестерин мөлшерін, басқа да көрсеткіштерді біле алады.
Одан бөлек, жалпы білім беру ұйымдарында денсаулық сабақтары, медициналық тексеріс шаралары өтеді. Оқушылар денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездеседі. Апталық 7 сәуірде қаланың орталық алаңында қорытындыланады. Осы күнге спорттық эстафеталар, велошерулер мен жастар флешмобы жоспарланған.