ҚЫЗЫЛОРДА ТУРИСТІК АССАЦИАЦИЯСЫ ҚОНАҚТАРҒА БІРНЕШЕ ТУР ҰСЫНАДЫ
Арал ауданы аумағында орналасқан Қамыстыбас көлінің жағасына өткен жылы 70 мыңнан астам адам демалуға келген.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов және Қызылорда туристік ассоциациясының құрылтайшысы Жандос Мүбәрак аймақта ішкі туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтып берді. Соның ішінде Сыр өңірінің мақтауға тұрарлық демалыс орны – жоғарыда аталған Қамыстыбас көлі жағалауына 2013-2014 жылдары инфрақұрылым желілері тартылды. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов ендігі жерде басқарушы компания таңдалып, демалушылар үшін әлде де қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.
Қызылорда туристік ассациациясының құрылтайшысы Жандос Мүбәрак соңғы бірнеше жылда ел азаматтарының шет елдерге саяхаттауы азайғанын айтады. Бұл отандық ішкі туризм сұраныстарын арттырады. Қызылорда қаласының туристік компанияларын қамтитын ассоциация 2015 жылы құрылды.
- Бүгінде біз қонақтарға мәдени-танымдық, қажылық, белсенді және іскерлік сияқты түрлі бағыттарда қызмет түрлерін ұсынуға дайынбыз. Сондай-ақ әрқашан танымал аңшылық және балық аулау турлары бар, - деді ассоциация құрылтайшысы.
Ассоциация «Қорқыт ата» мемориалды кешені мен «Байқоңыр» ғарыш айлағына арналған «Барайық», «Оңтүстікке», «Арал теңізіне» турларын ұсынады.
Назерке САНИЯЗОВА