СЕМИНАР-ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген міндеттер мен шектеулерді қатаң сақтау мақсатында заңда қамтылған ұғымдарды, қолдану аясын, негізгі қағидаттарды, іс-қимыл шараларды түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілі Қ.Абдрамановтың қатысуымен семинар-жиналыс өткізілді.
Семинар-жиналысты Департамент басшысы Н.Пірімов ашып, бағдарламаға сәйкес Заңның қолдану аясы туралы Департаменттің талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Г.Маханов, Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы туралы Қ.Абдрамановтар түсіндірмелер берді.
Семинар соңында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақталуы қажеттілігі ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыру жөнінде айтылды.