КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ЭТИКА НОРМАЛАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел алдында тұрған межелерді айқындап, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты міндеттер жүктейтін «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадамды» ұсынған болатын. Осы ресми құжаттың 31-қадамында «Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полицияның ашықтығын қамтамасыз ету» мәселесі көтерілген болатын.
Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгі-ережені бекіту жайлы» 2015 жылғы 05 желтоқсандағы №995 бұйрығы негізінде қайта құрылған Консультативтік кеңес отырысының алғашқы отырысы болып өтті.
Кеңес отырысына Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов, Консультативтік кеңестің төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Н.Ерманов, қоғамдық кеңес мүшелері мен департаменттің барлық қызмет салаларының бастықтары қатысты.
Кеңесті Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ерманов ашып, кеңестің бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.
Кеңес отырысында күн тәртібіне сай Кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Б.Нұрманов сөз алып, 2015 жылғы 5 желтоқсандағы №995 бұйрығымен бекітілген «Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы» үлгі-ережемен таныстырып өтті. Ол өз баяндамасында Консультативтік-кеңесші органдар қызметінің мақсатын, негізгі міндеттері мен құқықтарын айта келе, кеңестің отырыстары жылына кемінде 2 рет өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, ол өз сөзінде консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің өкілеттіктерін қысқарту және тоқтату тәртібі, консультативтік-кеңесші органдардың жаңа мүшелерін бекіту тәртібі туралы, консультативтік-кеңесші органның жұмыс нысандары және шешімдері жайлы да мәліметтер беріп өтті.
Бұдан кейін сөз тізгінін Кадр жұмыстары басқармасының Жеке құрам инспекциясының бастығы полиция полковнигі Д.Әбілқасымов алып, «Қызметтік этика нормаларын бұзған полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымданған жеке және заңды тұлғалардың арыздану деректері бойынша атқарылған жұмыстары жайлы» баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2016 жылдың 2 айында департамент бойынша қызметтік этика қағидатын бұзудың 8 дерегі анықталып, олар бойынша қызметтік тергеулер жүргізіліп, нәтижесінде кінәлі қызметкерлерге тәртіптік шара көрілгенін атап көрсетті. Сонымен қатар, есепті мерзімде департаменттің тәртіптік кеңестерінде заңдылықты, әскери-қызметтік тәртіпті бұзған полиция қызметкерлерінің жауапкершіліктері туралы мәселелер – 23 мәрте қаралып, нәтижесінде 49 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, оның ішінде, 7 қызметкер ішкі істер органдары қатарынан теріс қылықпен шығарылып, 7 қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған. Сөз соңында Д.Әбілқасымов полиция қызметкерлері арасындағы заңсыздықтарды жойып, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Кеңес барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қоғамдық кеңес айтылған мәселелердің жерде қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі