КОНТРАФАКТІЛІ ТАУАРЛАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Осындай тақырыппен Қызылорда облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «дөңгелек стол» кездесуін өткізді. Кездесуге кәсіпкерлер, «Қазақстандық орындаушылардың құқықтарын басқару қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, облыстың ішкі істер және әділет органдарының өкілдері қатысты.
«Дөңгелек стол» басында авторлық және аралас құқықтарды қорғау мәселелері бойынша «Қазақстандық орындаушылардың құқықтарын басқару қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі А.Ахметова, тауар белгілерін пайдалану тәртібіндегі мәселелер бойынша Әділет департаментінің бөлім басшысы З.Қанафина сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша МКД Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ильяс Рахманов контрафактілі тауарлардың заңсыз айналымына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша шолу-баяндама жасады.
Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі, деңгейі елдің ІЖӨ 40 пайызына дейін жетіп отырған «көлеңкелі» экономиканың кең таралған түрінің бірі - контрафактілі тауарлардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстармен күрес болып табылады.
Экономикалық дағдарыс кезеңі контрафактілі тауарлар тасқынының өсуіне себеп болып отыр, бұл тұтынушының денсаулығына, құқықиесінің қаржылық жағдайына және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне үлкен залал келтіреді. Контрафакция (латынның - contrafactio, француздың contrefaction сөздерінен шыққан, мағынасы жасанды) –бұл әлемге әйгілі фирмалық белгілердіпайдаланып, пайда көру мақсатында соған ұқсас тауарларды нарыққа шығарып сату. Сол арқылы сатып алушыны (тұтынушыны)алдап, «бөгде» атаумен жұмыс жасап, тауарды сату және шығару кезінде басқа патентті пайдалану деген сөз.
Қазақстан аумағына контрафакталық тауарларды әкелу немесе қазақстандық кәсіпорындарға тиесілі тауар белгілерін пайдаланып дайындау, еліміздің экономикалық мүддесіне елеулі залал келтіреді. Осындай адал емес кәсіпкерлердің әрекеті тауар белгілері иесінің абыройына және сапасыз тауар алған тұтынушыға нұқсан тигізіп отыр. Мемлекет болса, көлеңкелі нарықта нықтап өз орнын тапқан мұндай кәсіптің салдарынан салықтан қағылып, әлемдік беделіне нұқсан алып отыр.
Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі - осындай тауарлардың заңсыз айналымымен күреске байланысты еді. Авторлық құқықты бұзумен және тауар белгілерді заңсыз пайдаланумен күрес – мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттерінің бірі.
Өткен 2015 жылы Қызылорда облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметімен ҚР ҚК 198-бабында (авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы) көзделген құқық бұзушылықтардың 10 фактісі тергеліп, 4 қылмыстық іс сотқа жолданды. Құқық иелеріне келтірілген залал мөлшері 4,2 млн.теңгеден астам соманы құрады.
2016 жылдың бірінші тоқсанында, ҚР ҚК 198-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша 7 қылмыстық іс тергелсе, ҚР ҚК 222-бабымен (тауар белгісін заңсыз пайдалану) 1 қылмыстық іс тергелген. Тергеп-тексеру нәтижесінде сотқа 6 қылмыстық іс жолданып, құқықиелеріне келтірілген 7,8 млн.теңге көлеміндегі залал өтелді.
Сонымен қатар, аталған санаттағы құқықбұзушылықтар жеке және жеке-жариялы тәртіптегі істерге жатады (ҚР ҚПК 32 бабы, 3 тарауы), яғни мұндай істер бойынша тергеп-тексеру жәбірленушінің (жәбірленуші – тауар маркасына құқығы бар және авторлық құқығы бар тұлғалар) шағымы негізінде жүзеге асырылады.
Жалған тауарлармен күрестің тиімділігі үшін Экономикалық тергеу қызметі басқа құқыққорғау органдарымен және тауар белгілерінің құқықиелерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды, сол арқылы контрафактіні анықтауға қажетті барлық ақпараттарды жинайды.
Аталған семинарды ұйымдастырудағы Экономикалық тергеу қызметінің мақсаты –контрафактілі өнімдердің заңсыз айналымымен күрес әдістемелерін және осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау, сонымен қатар контрафактілі тауарлар сатылатын немесе сақталатын орындар туралы ақпарат алмасуды жетілдіру.
Бақтияр АНАРБАЕВ,
профилактикалық жұмыстар және бақылау басқармасының
бөлім басшысы