ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ, ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың батысында және солтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетуі ықтимал.
Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы15-20 м/с-қа жетеді.