БАЙҚОҢЫРДА 31 НАУРЫЗДА ҰШЫРЫЛАТЫН «СОЮЗ-2.1А» ЗЫМЫРАН-ТАСЫҒЫШЫН ҚҰРАСТЫРДЫ
Байқоңырда "Союз- 2.1а" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. 31 наурызда «Прогресс МС-02» жүк кемесін ұшыру жоспарланған, деп хабарлады РИА Новости.
«28 наурызда, Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын құрастыру жұмыстары сәтті аяқталды», - делінген хабарламада.
«Ғарыш кемесі» халықаралық ғарыш станциясына отын, оттегі, ғылыми тәжірибеге керекті құралдарды, сондай-ақ, экипаж мүшелеріне сәлемдеме, яғни су құйылған контейнерлер мен азық-түлік жеткізуі тиіс. «Прогресс» ХҒСмен түйісуі 2 сәуірге жоспарланған.