МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Отырыста әлем мен өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайында Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды.
Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді.