ҚОС БАЙЛАНЫСШЫ ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚТЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясында қос қызметкер Маржан Бөбетаева мен Вера Иванованың құрметті еңбек демалысына шығуына орай салтанатты шара өтті.
Маржан Бөбетаева сату бөлімінде 37 жыл оператор боп еңбек етті. Көптеген қызметкер үшін ол жақсы тәлімгер бола білді. Жұмысқа жаңадан қабылданғандар оның ақыл-кеңесін алуға асығады. Және ол не үйрету керектігін біледі.
Вера Иванова еңбек жолын телеграфтан бастады. Оның ұйымдастырушылық қабылетін байқаған басшылық кәсіподақ жұмысын жүргізуді тапсырады. Кәсіподақ төрайымы ретінде Вера Иванова 13 жыл тер төкті.
Аймақтағы байланыс саласының дамуына үлкен үлес қосқан оларға филиал басшылығы мен кәсіподақ қызметкерлері салтанатты шара ұйымдастырып, болашақ ардагерлерге ізгі тілектерін жеткізді.
Ұжым алдында бас директордың міндетін атқарушы Бақытбек Қалықов қос байланысшыға алғыс білдірді.