ҚАЗАҚСТАНДА 29 НАУРЫЗДА ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 29 наурызда кей жерлерде жауын-шашын болады, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, тек батыста ғана күн ашық болады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - көктайғақ. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундтына 15-20 метрге жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде-тұман, түнде кей жерлерде - көктайғақ, 15-20 м/с. жылдамдықпен жел тұрады. Жамбыл облысында күн күркірейді, тұман, желдің жылдамдығы 19-24 м/с. Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның батысындағы өзендерде қар суының еруі салдарынан су деңгейі көтеріледі. Қарағанды облысы аумағындағы өзендердің басым бөлігі және Қостанай облысндағы кей өзендерде су деңгейі көтеріледі. Ақмола облысындағы өзендерде де еріген қардың әсерінен су деңгейі көтеріледі. ШҚО өзендерінде бұзылған сең ағысқа бөгет жасап, су деңгейі күрт көтерілуі ықтимал. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында су деңгейінің ауытқуы байқалады.