БЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазақстанның басым аумағында күн суытады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігі, орталығы мен шығысында ауа райы жауын-шашынды болады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, солтүсік-батыстан соққан желдің күші 25 м/с дейін жетеді. Түнде және таңерте кей аумақтарда тұман түседі. 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 5-13 градус жылы болады. Елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. 19-20 қыркүйекте түнде ауа температурасы 2-10 градусқа дейін төмендейді, сондай-ақ, 3 градусқа дейін күн суытып, күндіз температура 12-17 градусқа дейін жетуі ықтимал. Республиканың батысында ауа райы ашық болады, бірақ түнде бұнда күн 0-5 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 5 градус жылы болса, күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылиды.