ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР КҮНІ ЕНГІЗІЛУДЕ
ҚР Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептердің 9-12 сынып оқушылары үшін Кәсіптік бағдар күнін енгізуде, деп хабарлайды еліміздің Білім және ғылым министрлігі, деп жазады primeminister.kz.
Ведомствода түсіндіріп өткендей, аталған шаралар оқушылардың оқу барысына кедергі келтірмей, жоғары оқу орындарын жарнамалауды жүйелік реттеу мақсатында енгізілген.
Енді кәсіптік бағдар күні әр айдың 2 және 4-сенбі күндері 2 академиялық сағат ішінде өтетін болады. Мектептер үшін бірыңғай стандартты кесте жасалады, ол бойынша жоғары оқу орындары мектептерде оқушылармен кездесу өткізу жөнінде өтінім береді. Жалпы білім беретін мектептер өтінім берген жоғары оқу орындармен тоқсан сайын Кәсіптік бағдар күнін өткізу кестесін жасайды.
Егер ЖОО оқушыларды тестілеуден өткізуді жоспарласа, онда оны мектептен тыс немесе ЖОО мен колледжде өтетін Ашық есік күндері шеңберінде өткізуге тиіс.
«Кәсіптік бағдар күні шеңберінде өтетін кездесулер әр ЖОО-ға мектептерде ақпараттық жұмысты өткізуге құқық бере отырып, кешенді кәсіптік бағдарлау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бітіретін сыныптар оқушылары өзекті мамандықтар мен білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алады. Кездесулерді сенбі күні өткізу ата-аналарға балалармен бірге ЖОО-лармен және колледждермен танысуға жағдай жасайды», - деп атап өтті БҒМ-де.