ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ
Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана қоры: мәселелер мен шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.
Шараны облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференцияның алғашқы күнінде кітапхана саласының мамандары кітапхана қорларын қалыптастыру, кітап нарқы мен қорды баспа тауарларымен, электронды ресурстармен толықтыру мәселелерін талқылайтын болады. Екінші жұмыс күнінде «Кітапхана қорларын толықтырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылған.
Екі күндік шараға Санк-Петербург, Мәскеу қалаларынан Ресей Ұлттық кітапханаларының мамандары, ҚР-ның Ұлттық кітапханасының, Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкерлері мен облыстық, аудандық кітапханалардың басшылары қатысуда. Қонақтарға арналып кітапхана залында алты бөлімнен дайындалған «Сыр өңірі – түркі дүниесінің алтын бесігі» атты кітап көрмесі қойылды.
Фариза ОМАРОВА